Аяндай басып келеміз қалауын тауып көңілдің
Көтере білдік қосылып өмірдің ауыр жеңілін
Өзіңмен бірге өрледім шыңдала түсті сенімім
Мейірлі болдын сен маған өмірлік менің серігім
Біріміз кетсек сүрініп сүйеніш болдық біріміз
Жарасып жүре берейік жазылмай мәңгі жұбымыз
Қиындық көрсек жасқанбай қуаныш тойға мастанбай
Екеуміз сүрген бұл өмір екеуміз жазған дастандай
Өзіңмен бірге өрледім шыңдала түсті сенімім
Мейірлі болдын сен маған өмірлік менің серігім
Біріміз кетсек сүрініп сүйеніш болдық біріміз
Жарасып жүре берейік жазылмай мәңгі жұбымыз
Немере сүйген шағымыз баянды болсын бағымыз
Сәбилер өсіп жеткенше керекпіз жаным әлі біз