Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді-ай,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан-ай,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.
 
Айдың көлдің еркесі,
Ерке өскен-ай, Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған,
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ.
 
Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.
 
Айдың көлдің еркесі,
Ерке өскен-ай, Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған,
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ. -