Арманға алыс,қолымды созам
Берілгім де еш келмейді
Қорықпай ғана қадам бас дейтін
Бір үміт алға жетелейді
Әлем нұрланып шуағын шашар
Әрдайым қуан,жүрші шаттанып
Бақыт саған да есігін ашар
Бәрін ұмыт та күлші шаттанып
Кел досым,бірге жетелеп көкке.
Жетеміз бірге арманға.
Қиындық келіп,сынаққа түссең
Рухыңды биік, құлатпа.
Сенеміз,мойымай жеңеміз бәрін
Күлуді бірақ ұмытпа!
Сенеміз,мойымай жеңеміз бәрін
Күлуді бірақ ұмытпа
Өтеді күндер,кетеді қайғы
Көңіліңді мұң баспасын
Уақытша уайым кедергі емес
Жігеріңді жасытпасын
Мейірім кілті жүректі баурап
Арманға биік жол ашар
Махаббат оты тұрады лаулап
Айналаға шуақ шашар
Кел досым,бірге жетелеп көкке.
Жетеміз бірге арманға.
Қиындық келіп,сынаққа түссең
Рухыңды биік, құлатпа.
Сенеміз,мойымай жеңеміз бәрін
Күлуді бірақ ұмытпа!
Сенеміз,мойымай жеңеміз бәрін
Күлуді бірақ ұмытпа