Сағыныш көктемі бүгін сезілді
Самалдай ызғарын жылдар өткерді
Сағым боп жүректің ынтық боларын
Білмеппіз білмеппіз сол бір жылдарда
Қайырмасы
Достарым менің сендердей басқа
Түсінер кім бар жанымды басқа
Достарым менің сендер деп жүрмін
Сағынып іздеп балалық шақты
Бұл күні жүректің жалғыз жарасы
Достарым сендерсің емдер амалы
Сағым боп өтседе талай жылдарым
Достарым сендерсің маған бақалы
Қайырмасы
Достарым менің сендердей басқа
Түсінер кім бар жанымды басқа
Достарым менің сендер деп жүрмін
Сағынып іздеп балалық шақты