Нұрболат Абдуллин
Текст

Жыламай жүрем

Нұрболат Абдуллин

Оцените песню: Голос вверх 11 Голос вниз

100%
0%
Күтетін едік таңдардан арай
Бірге болмадық жалғанда қалай
Біздің махаббат аяқталды ғой
Жарты сағаттық бағдарламадай
Есім ауады елес күндерге
Ерегеспеймін мен ешкіммен де
Менсіз де жаным бақытты екенсің
Сенсіз де сорлы емеспін мен де
 
Халіңді сенің сұрамай білем
Дертіме дауа сірә қай бір ем
Жас болсаң менің жанарымдағы
Жоғалтпас үшін жыламай жүрем
 
Екеумізге дақ келмеді не сын
Өмірдің алдық берген үлесін
Біздегі сезім алдамшы екенін
Мен де білемін сен де білесің
Мен кімге неге жақұт теремін
Тежегіші жоқ уақыт кеменің
Өмір дегенің өткінші емес пе
Алдамшы емес пе бақыт дегенің
 
Халіңді сенің сұрамай білем
Дертіме дауа сірә қай бір ем
Жас болсаң менің жанарымдағы
Жоғалтпас үшін жыламай жүрем