Жүрегімді сүйіп жер айналардай
Түр өңімді сүйіп желде ойнағандай
Бірақ мені сен де сүйіп қалмашы
Жақсы емеспін жаным сен ойлағандай
Жүрегің тым аппақ еді
Емеспін бірақ дәмелі
Өзіңе жақсы болмайды
Ұнатпа мені!
Бәріне төзіп жүрегің
Бәрін де сезіп жүр едің
Ренжіме кімді сүйсем де
Өзім білемін
Білмейсің-ау мені тым жек көруді
Басқа жанға көрсет құрметтеріңді
Жол бермеймін саған мені сүюге
Сүюіңе рұқсат суреттерімді
Жүрегің тым аппақ еді
Емеспін бірақ дәмелі
Өзіңе жақсы болмайды
Ұнатпа мені!
Бәріне төзіп жүрегің
Бәрін де сезіп жүр едің
Ренжіме кімді сүйсем де
Өзім білемін