Нұрболат Абдуллин
Текст

Сары ала қаз

Нұрболат Абдуллин

Оцените песню: Голос вверх 88 Голос вниз 3

97%
3%
Сазға тағы оралды сарыала қаз
Сарша тамыз тағы да бола ма жаз
Күрiк басар ақ тауық күлге аунаса
Күнге қарап шақырар бала қораз
 
Тұтасқан бұлт айналып, ығысқанда-ай
Күн күркiрер батыстан, шығыстан да
Әжемнiң де баратын күнi туды
Алыстағы жатбауыр туысқанға-ай
 
Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай
Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
 
Сарыуайым салудың не керегi
Көгередi, бәрi де көгередi
Көп досымды жоғалттым осы қыста
Келесi жаз, бiлмедiн, не бередi
 
Сарыала қаз оралды сазға тағы
Ақ тырналар аспанды-ау боздатады
Сұқсыр көкек тоғайдан сұңқылдаса
Қай-қайдағы мұңымды қоздатады
 
Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай
Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
 
Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай
Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай