Айтшы осы махаббатта мән бар ма?
Шын сүйген жан қол жеткізбес арман ба?
Мен себебі айналамды ұмытып
Жалғыздықтың құшағында қалғанмын
Оны, оны, оны сағынам
Сағынған соң арнап жазам тағы да ән
Соны, соны, соны сүйген соң
Жүрегімнің әміріне бағынам
Айтшы осы сағынышта мән бар ма?
Үміт сыйлайды әлде бәрі жалған ба?
Мен себебі өз-өзімді ұмытып
Көңілімді жабықтырып алғанмын ба?
Оны, оны, оны сағынам
Сағынған соң арнап жазам тағы да ән
Соны, соны, соны сүйген соң
Жүрегімнің әміріне бағынам
Оны, оны, оны сағынам
Сағынған соң арнап жазам тағы да ән
Соны, соны, соны сүйген соң
Жүрегімнің әміріне бағынам