Қылығың балдай болған
Бұрымың ұзын
Анаңнан аумай қалған жүзің
Атасының алданышы,
Әжесінің қолғабысы
Барым, бағым жаным қызым
 
Бөленіп таң нұрына
Риза бол тағдырыңа
Сен үшін мен дайынмын барлығына
Әкеңмін дара шыңмын
Мен саған жан ашырмын
Жолымен жүр анашыңның қызым
 
Қызым-ау пысық болған
Мінезің керім
Аузымнан түсіп қалған едің
Әкесінің көл, теңізі
Анасының ерке қызы
Тәттіден де тәттім менің