Нұрболат Абдуллин
Текст

Қыз қызғалдақ

Нұрболат Абдуллин

Оцените песню: Голос вверх 5 Голос вниз 1

83%
17%
Есімізде бұл өмірге келгенің
Бәрімізге шаттық сыйлап күлгенің
Бақытты тілеп қойып едік атыңды
Есімізде тәй-тәй басып жүргенің
 
Қызғалдақ гүлім едің қырдағы
Таққам сұлу сырғаны
Саған мәлім болады
Ақ орамал сырлары
 
Балалығың өтті міне
Кәмілетке жеттің бе
Өскен алтын ұяңнан
Қанат қағып кеттің бе
 
Берер саған ақ батам
Ғұмырлы бол жан ботам
Бақытты бол ақ ботам
 
Ұшып шығар көлінен
Түспе қалқым өзге елдің төрінен
Көгершінім ұзатылып барасың
Алғыс алып ізетіңмен еліңнен
 
Қызғалдақ гүлім едің қырдағы
Таққам сұлу сырғаны
Саған мәлім болады
Ақ орамал сырлары
 
Балалығың өтті міне
Кәмілетке жеттің бе
Өскен алтын ұяңнан
Қанат қағып кеттің бе
 
Берер саған ақ батам
Ғұмырлы бол жан ботам
Бақытты бол жан ботам
 
Қимастықпен көңіліміз босаған
Жар болсыншы жаратушы жасаған
Қосақыңмен қос ағар деп мәңгілік
Елің жұртың қол бұлғайды қошаман
 
Қызғалдақ гүлім едің қырдағы
Таққам сұлу сырғаны
Саған мәлім болады
Ақ орамал сырлары
 
Балалығың өтті міне
Кәмілетке жеттің бе
Өскен алтын ұяңнан
Қанат қағып кеттің бе
 
Берер саған ақ батам
Ғұмырлы бол жан ботам
Бақытты бол жан ботам
Бақытты бол ақ ботам