Нұрболат Абдуллин
Текст

Біздің елдің қыздары

Нұрболат Абдуллин

Оцените песню: Голос вверх 377 Голос вниз 11

97%
3%
Білмеймін Хауа меді Ева меді
Әйтеуір қазір қыздар көп әдемі
Десе де қысық көзді қытай қыздан
Қазақ қыздың ботадай көзі әдемі
 
Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ
Біздің елдің қыздары ең әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
 
Қызыл сары қызынан Еуропаның
Қара торы қызының өзі әдемі
Үнді қызы билейді мың бұралып
Қазақ қыздың сонда да белі әдемі
 
Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ
Біздің елдің қыздары ең әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
 
Түріктің әлпештеген хатумынан
Қазақтың келін деген шені әдемі
Біз мұрынды біздің қыз тұрған кезде
Тау мұрынды тау қызы неге әдемі
Орыстың бетіндегі сепкілінен
Қазақтың бетіндегі меңі әдемі
Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ
Біздің елдің қыздары ең әдемі
 
Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ
Біздің елдің қыздары ең әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
 
Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ
Біздің елдің қыздары ең әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі
Қазақтай сұлу елден таңдап алған
Қазақтың еркетайы сен әдемі