Көңілім қамығып
Достарды сағынып
Аттандым мен алыс сапарға
Жолыма алаңдап
Күтеді сарылып
Ақ көңіл достарым қашанда
Бір жүріп тойлаған
Күндерді ойланам
Көруге сендерді асықтым
Қыздары көрікті
Көктемдей жайнаған
Ақтөбе, мен саңан ғашықпын
Ақтөбе - жасыл қала жайнаған
Көркіңе, келбетіңе тоймағам
Сағынып сұлу әсем қаланы
Көрмесем бір сәт ойланам
Ақтөбе - әсем қала арайлы
Көркіңнен жанға шуақ тарайды
Көрікті сенің сұлу жүзіңді
Көрсем деп жүрек қалайды
Алматы-Ақтөбе
Әуежай алаңы
Қиялым қырандай самғайды
Ақ қарлы Алатау
Қол былғап қалады
Жолдарым жолдарды жалғайды
Қалықтап ұшағым
Арманды құшамын
Аралап ақ бұлттар арасын
Жетеліп барады
Бойымды күн шағып
Сағындым Ақтөбе қаласын
Ақтөбе - жасыл қала жайнаған
Көркіңе, келбетіңе тоймағам
Сағынып сұлу әсем қаланы
Көрмесем бір сәт ойланам
Ақтөбе - әсем қала арайлы
Көркіңнен жанға шуақ тарайды
Көрікті сенің сұлу жүзіңді
Көрсем деп жүрек қалайды
Ақтөбе-Алматы
Бағыты қарсы алып
Кез келді қоштасар қасқағым
Барамын қия алмай
Барамын тамсанып
Аман бол Ақтөбе достарым
Ақтөбе - жасыл қала жайнаған
Көркіңе, келбетіңе тоймағам
Сағынып сұлу әсем қаланы
Көрмесем бір сәт ойланам
Ақтөбе - әсем қала арайлы
Көркіңнен жанға шуақ тарайды
Көрікті сенің сұлу жүзіңді
Көрсем деп жүрек қалайды
Көрікті сенің сұлу жүзіңді
Көрсем деп жүрек қалайды