Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым,
Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.
Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,
Соншалықты жүрегіңе жақынмын.
Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма,
Аспан сені аяғасын жылай ма?
Сен бар кезде мен көңілді жүремін,
Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма!
Тамады, тамады, тамады тамшылар,
Таң атса аспанның көз жасы таусылар.
Тамады, тамады, тамады тамшылар,
Біздің де ататын таңымыз бар шығар.
Кездескенде біздер бақыт табамыз,
Қоштасқанда неге жылап қаламыз?
Ай мен күндей кету үшін қосылмай,
Жер мен көктей болу керек арамыз!
Сенен басқа жан білмейтін сырым бұл,
Ағыл-тегіл жаңбыр жауды бүгін бір.
Аспан жерді сағынғаннан жылайды,
Ал сен мені сағынғанда күліп жүр
Тамады, тамады, тамады тамшылар,
Таң атса аспанның көз жасы таусылар.
Тамады, тамады, тамады тамшылар,
Біздің де ататын таңымыз бар шығар.