Нұрболат Абдуллин & Әбдіжаппар Әлқожа
Текст

Әлсіз әлем

Нұрболат Абдуллин & Әбдіжаппар Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 69 Голос вниз 1

99%
1%
Кешірші Алла айыптымыз
Сынағыңа лайық құлмыз
Түк келмейтін қолымызды
саған ғана жайып тұрмыз
 
Әлсіз адам, әлсіз әлем
Жыбырлаған жансыз әрен
Көзге жылтыр көрінгенмен
Иісі жоқ дәмсіз әлем
Ауасы бар демсіз әлем
Ауруы бар, емсіз әлем
Тура жолдан тайқып кетіп
Жол таппаған жөнсіз әлем
 
Қартаймай-ақ қара жабар
Жаман індет жаны залал
Меймандарсыз мейрамдармен
Жамағатсыз жаназалар
Ғылым қайда, ғалым қайда
Алпауыттар әлің қайда
Ғарыш асқан білім қайда
Бірі емге табылмайма
 
Эй өмір-ай өтірік құр
Өңің неге өкіріп тұр
Дала түгел жөтеліп тұр
Қара жерің кекіріп тұр
 
Ғылым қайда, ғалым қайда
Алпауыттар әлің қайда
Ғарыш асқан білім қайда
Бірі емге табылмайма
 
Қартаймай-ақ қара жабар
Жаман індет жаны залал
Меймандарсыз мейрамдармен
Жамағатсыз жаназалар
 
Зиян қылған зұлым көрші
Мүминдерге тұғыр берші
Алғаныңа жәннат сыйлап
Қалғаныңа ғұмыр берші
 
Қартаймай-ақ қара жабар
Жаман індет жаны залал
Меймандарсыз мейрамдармен
Жамағатсыз жаназалар
 
Зиян қылған зұлым көрші
Мүминдерге тұғыр берші
Алғаныңа жәннат сыйлап
Қалғаныңа ғұмыр берші

Другие песни от Нұрболат Абдуллин & Әбдіжаппар Әлқожа