Нұрбигүл Сағындыққызы
Текст

Құтты болсын, қадамың!

Нұрбигүл Сағындыққызы

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз 1

0%
100%
 
Бір ғажап күндей күлгенің
Томпаңдап тәй-тәй жүргенің
Құлыным тәңір сыйлаған
Шуаққа толсын күндерің
 
Қайырмасы
Ботақаным қаз-қаз
Алға қадам бас-бас
Таудай екен талабың
Балапаным тәй-тәй
Жүре қойшы байқап
Құтты болсын қадамың!!!
 
Қылығы балдай бөбегім
Бақытқа мені бөледің
Мен сені қошақаным-ау
Жанымдай жақсы көремін
 
Қайырмасы
Ботақаным қаз-қаз
Алға қадам бас-бас
Таудай екен талабың
Балапаным тәй-тәй
Жүре қойшы байқап
Құтты болсын қадамың!!!
 

Другие песни от Нұрбигүл Сағындыққызы