Гүлім менің қызғалдағым
Қалды енді артта гүлзар бағым
табиғаттың бұл да заңы
Қыз жат жұрттық деген ізгі арманым
Қияға ұшу қызға мән беріп
Қимасақта бізге ауыр боп
Тұрмыз мына бақыт тілеп
қайырмасы:
Қарлығашым қарындасым
Жаңа өмірін жайнап жалындасың
Бастаған алға асқақ армандар
Адастырмай ақ жолдан орындалсың
Қарлығашым қарындасым
Жолын болып қашанда бағын жансың
Тілейтінім сол сен бақытты бол
Естелік боп әнім жадында қалсың
Қимастығым еш басылмай
Ән арнадым сезім ішке сыймай
Анаң отыр жасын тыймай
Әкең де тұр сені жатқа қимай
Аналардың жалғап ізің
Самғап ұшып ұзап барамысың
Қонған жердің ал қызым
Әкең үшін жаным анаң үшін
қайырмасы:
Қарлығашым қарындасым
Жаңа өмірін жайнап жалындасың
Бастаған алға асқақ армандар
Адастырмай ақ жолдан орындалсың
Қарлығашым қарындасым
Жолын болып қашанда бағын жансың
Тілейтінім сол сен бақытты бол
Естелік боп әнім жадында қалсың -