Бір қыз Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат берген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жетпес,
Дариға ай арманым көп не қылайын.
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан,
Екеуі туған екен бір анадан.
Бозбала, қалма қапы бұл жалғаннан,
Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған.
Өзіңдей боп жан тумас,
Туса туар, артылмас.
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан,
Екеуі туған екен бір анадан.
Екеуі туған екен бір анадан.
Екеуі туған екен бір анадан.