Ninety One
Текст

Қайырлы түн

Ninety One

Оцените песню: Голос вверх 144 Голос вниз 4

97%
3%
[A.Z.]
Көңіл-күй құбылмалы
Келем(ін) қолшатырдың астында
Хм. Тым таныс көшелермен
Айналам тола жанымнан алыс пенделермен
Терезеңнен қарап тұрып мен сені сезем(ін)
Ойларымның терең түбіндегі сандарды терем (ін)
Байланыс аясынан тыс жердесің
Жәрәйді. Қайырлы түн!
 
[Alem]
Айлы түн
Нөсер тамшыларымен бірге
Менің көздерімнің жастары тамады
Екеуміз салған сезім бейнесі өңсізденді
Неліктен?
 
[Bala]
Тоқталды уақыт шегіме, сезім сағаты
Асықпай басылды уәдең, сен қинадың әбден
 
[Ace]
Сен жайында білмеймін
Мен уайымдап тілеймін
Тәтті өтсін деп түнің
 
[ZaQ]
Жоқ, қиын емес деп, алдайм(ын) өзімді, бірақ бейнең елестейд(і)
Бәрін бұзады, мен әрі қозамын, тек жүрегім дайын менімен ерегіске,
Білем(ін), сезімің бар, бірақ даймын күнім, сенсіз ұйықтамайм(ын) әрдайым үкімін,
Ойым сенімен
Тек тәтті өтсін деп дәл осы түнің, Тәтті өтсін деп дәл осы түнің,
Тәтті өтсін деп дәл осы түнің
 
[Bala]
Тоқталды уақыт шегімен сезім сағаты
Асықпай бұзылды уәдең, сен қинадың әбден
 
[Ace] [Bala]
Сен жайында білмеймін
Мен уайымдап тілеймін
Тәтті өтсін деп түнің
 
[A.Z.]
Көңіл-күй құбылмалы
Екеуіміз қолшатырдың астында... -