Ninety One
Текст

Қашан, қашан? (Halfani)

Ninety One

Оцените песню: Голос вверх 34 Голос вниз

100%
0%
Менің өмірімнің астаң-кестеңі шыққанда
Жалған сезім, махаббат бірі ұмытылғанда
Бір кезде нəзіктік пен сезімді сезе бастадым
Көптен күткен ғашығымды іздеп тапқанда
Сенімен алғаш сөйлескенде жүрек дірілдеді
Бірақ сенің сөйлескің келгені маған білінбеді
Тіпті менсінбегендей болып жүректі жараладың
Тəкəппарлық қасиетің сенің қару жарағың
Бірақ сенікі де жөн, мені танымайсың
Танымайм деген сөзіңмен əңгімені аяқтайсың
Тіпті мұрша бермейсің сенімен жақын болуға
Ең маңыздысы тіпті сезімімді байқамайсың
Жарайды, не айтсаңда соған төземін
Арада қанша жыл өтседе жаным сені күтемін
Күтемін мен, мені үміттендірмесең де сүйемін я мені сүймесеңде
 
[Қайырмасы]
Қашан, қашан сен құшағымда жүресің
Қашан, қашан мен сені аймалап сүйемін
Осы уақытты күтемін көп жылдар өтседе
Сені қатты сүйемін, мені сүймесеңде
 
Екеуміздің арамызды ұзақ жол бөледі
Ортамыздан шығып тұр үлкен теңіздің көлемі
Қаласаң дайынмын сенің қасыңда мəңгі болуға
Кел десең дайынмын қалаңа жаяу баруға
Сезімнің ыстық лебін өзіңе бағыттаймын
Суретіңе қарасам өзіңді армандаймын
Қаламаймын сенің өзгемен болғаныңды
Қаламаймын өзгемен жасқа толғаныңды
Иə білемін, кейде шеттен шығып кетемін
Осының барлығы сүйгендіктен енді қайтемін?
Қайтемін сені сүйгендіктен кінəлі емес шығармын
Өшіре алмаспын лаулап жанған махаббат шырағын
Жүрегімнің соққысы бір сен үшін соғады
Жүректен шыққан толқындар бір өзіңе тартады
Мүмкін уақыт көрсетеді бəрі басқа болады
Бірақ жанымда жоқсың сол мені қиналдырады -