Өмірде əке білерім
Қорғаным əрі тірегім
Анамдай қамқор жоқ шығар
Жібектен жұмсақ жүрегі
Анашым төгіп мейірім
Əкешім кең ғой пейілі
Ешбірі жетпес сіздерге
Əлемнің барлық сыйыны
 
Анашым менің жұмағым
Басылмас көрмей құмарым
Əкешім өзің тұтатқан
Сөнбейді мəңгі шырағы
 
Ананың өтеп қарызын
Əкенің жалғап əр ізін
Сіздерді көкке көтеру
Перзенттік менің парызым
Сыйлаған өмір жарығын
Аямай ақыл тəлімін
Əкеммен асыл анамды
Қолдай гөр қолда тəңірім
 
Анашым менің жұмағым
Басылмас көрмей құмарым
Əкешім өзің тұтатқан
Сөнбейді мəңгі шырағы