Шет-шетінен тістеуде балақты бәрі,
Өлетінін білсе де, іздеуде өмірдің мәнін.
Санамыз уланғанда Шариғат көмекке
Келе қояды талай қылады құрметке.
Байқайсың ба, сені бағалайды астыңдағы көліктің маркасына қарай
Және кім қалай қимылдайды деген сияқты.
Бәрі былай қойған ұятты.
Бір сәттік ләззатты мақсат тұттық тағы,
Қолы ұзарғанды қуанып құттықтадық.
Қызарған көздер, өкпеде көк түтін,
Қыздарға керек көлік, жігіттерге - бір түн.
Жас қыз ана атанып толмай кәмелетке,
Жас жігіт қашуда алименттен.
Тура қара, тура қара әлеуметке,
Тура қара, бәрі бетімен кеткен.
Бәрі бетімен кетіп барады,
Қу дүниенің жолдары тарам-тарам, тарам-тарам.
Тура қара, тура қара ақиқатқа,
Тура қара, қара қара мен аққа.
Қасыңнан кетіп қалсын, мені өсектеші,
Арамызды бұзбасын төсектес.
Тумалардың орны бөлек десек те,
Ұсақты санап қалды есептеп.
Қара нан мен қара шай жесек те,
Шүкір Аллаға, аяғым тартып тұр мечетьке.
Бәрі тұрсын кезекке,
Ақырет жақындады десек те.
Күнім менің маған қарап,
Жолымды көрсетті алысқа барар.
Өткен шақ себебі тарам-тарам,
Болашақта өскен соң тыңдар осыны балам.
Баяғыда болған, ерігетін уақыт жоқ қазір,
Ми бос емес, план көп қазір.
Жағдайын жасау керек үйдің,
Маған сенім артып отыр үйім.
Мені қызықтырмайды, дос, сенің боп-бос әңгімең,
Кетіп барамын мен мәңгіге.
Мына жақтан, мына қараңғылықтан,
Шаршадым бата беруге былыққа.
Үйдің үлкендері: "Айналайын, адам бол!" – дейді,
"Үйдің кішілері саған қарап өсіп келеді,
Тайғанамай тура жүр, тұр әне тура жол."– дейді,
Кетпей тұрғанда көшіп денең жердің астына.
Жердің астына,
Жаныңа таза азық беріп асыра.
Аз қалды, аспан ертең ашуланады,
Аз қалды, аспан ертең ашылады.
Бәрі бетімен кетіп барады,
Қу дүниенің жолдары тарам-тарам, тарам-тарам.
Тура қара, тура қара ақиқатқа,
Тура қара, қара қара мен аққа.