Көнбейді жүрек көнбейді
Қоштасақтағы сенбейді
Қимастық қинап іштегі
Махаббат маза бермейді
Елесің естен кетпейді
Ешбір жан саған жетпейді
Есіме түссе ессіз күн
Естелік болып өртейді
Сол күндер енді бізге армандай
Үміттің жібі қалды жалғанбай
Жырақтап жүрміз жаным қалайша
Танымас жандардай
Сол күндер енді бізге армандай
Үміттің жібі қалды жалғанбай
Мүмкіндік берші тағы өзіме
Өзіңді алдамай
Үзбеші соңғы үмітті
Сол үміт жанды жылытты
Қосылмас қоштасулардан
Кім ұтты жаным кім ұтты
Таңдарым сенсіз қаншатты
Аңсатты өткен әр сәтті
Қиялым құзға құлады
Шаршатты бәрі шаршатты
Сол күндер енді бізге армандай
Үміттің жібі қалды жалғанбай
Жырақтап жүрміз жаным қалайша
Танымас жандардай
Сол күндер енді бізге армандай
Үміттің жібі қалды жалғанбай
Мүмкіндік берші тағы өзіме
Өзіңді алдамай