Бұлттың көшіп мұнары,
Алдымнан күн шығады
Жұбататын осылай достарым,
Бақыт таңы атып тұр,
Бар ма мендей бақытты
Достарым ау ашылды аспаным
Өңім ба әлде түсім бе
Иранбақтың ішінде
Алақанға қондырдым құсымды
Сыңғырладым бұлақтай
Тағдыр сені жылатпай
Көктем келіп махаббатты ұсынды
[Қайырмасы]
О менің жүрегім, о менің жүрегім
Армандаумен, алаңдаумен бақыт күтіп жүр едім
Жаңа аышлған гүл едің, тек жақсылық тіледім
О менің жүрегім-ай, жүрегім-ай, жүрегім
Қуаныштан шат көңіл
Бұл не деген тәтті өмір
Қайда апарып жанымды қоярмын
Бойды билеп сан арман
Жамықпаймын қараудан
Бақытым-ау, бақытым аяулым
[Қайырмасы]
О менің жүрегім, о менің жүрегім
Армандаумен, алаңдаумен бақыт күтіп жүр едім
Жаңа аышлған гүл едің, тек жақсылық тіледім
О менің жүрегім-ау, жүрегім-ау, жүрегім -