Мұң шалса қабағыңды,Мен түгіл дала мұңды
Сен әлі тәп-тәттісің,Арманым бала күнгі
Бір сенде сезбеуші едің,Жанымның өртенгенін
Қоятын жіпсіз байлап,Недеген көркем едің
Қайырмасы:
Еліктей еркем менің
Недеген көркем едің
Сыр толы жанарыңды,Сағынып хабарыңды
Жүрегім күтуде әлі,Жырыма жал адымды
Өзіңе құштар ай-күн,Бір ғажап ертегі едің
Еш кімге ұқсамайтын,Недеген көркем едің
Қайырмасы:
Ойыма оралғандай,Бақыт кеп қона алғандай
Сұлулық әлемдегі,Өзіңнен нәр алғандай
Мәңгіге кеттің бе екен,Сырымды шерте менің
Бағыңа жеттің бе екен,Еліктей еркем менің
Қайырмасы: -