МузАрт тобы
Текст

Мүмкін емес

МузАрт тобы

Оцените песню: Голос вверх 155 Голос вниз 3

98%
2%
Тұнып тұрса төбемде күн
Демің бе еді елеңдедің
Қою түнгі қара көздің
Мұңшықтарын сен емдедің
Бәлкім сен деп ойлайсың ба
Тұнық сырға бойлайсың ба
Айдан жолдап сәлеміңді
Бір серпілтіп қоймайсың ба
 
Тыныштық бер жүрегіме
Құлақ аспа тілегіме
Сезім шоқты тығып қойған
Жұмыр жердің жүрегіне
Күліп келем күлкіме емес
Тек әйтеуір сылқым елес
Сені ойдан арылтпақпын
Бірақ әттен, бірақ әттен мүмкін емес
 
Ару айдың қанатынан
Тұман мұңдар таратылған
Сәулем менің қайда жүрсің
Ақша бұлттан жаратылған
Самал желмен тербейсің бе
Ыстық күнмен емдейсің бе
Сені іздеуден тұншығамын
Желге мініп келмейсің бе