МузАрт тобы
Текст

Қимадым неге

МузАрт тобы

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Ай менен Күннен асқан ажарың,
Аңсатқан мені ақ самал әнім.
Ұрлана қарап ұялшақ сезім,
Жүр ме екен әлі бақшада жаным?!
 
Қайырмасы:
Балауса балғын кезімді ұрлаған,
Қайда сол, қайда сезім жырлаған?
Қинадың неге, қимадың неге,
Қиығын ғана көзіңнің маған?
Қинадың неге, қимадың неге,
Қиығын ғана көзіңнің маған?
 
Еркелеп келген ерте көктем де,
Жаныңды жаным, көркем еткенде...
Мендегі мұңды түсінер едің,
Өне - бойыңды өртеп өткенде.
 
Қайырмасы:
Балауса балғын кезімді ұрлаған,
Қайда сол, қайда сезім жырлаған?
Қинадың неге, қимадың неге,
Қиығын ғана көзіңнің маған?
Қинадың неге, қимадың неге,
Қиығын ғана көзіңнің маған?