Жан тербеген сезім бе едің,
Жастық жалын кезім бе едің.
Ару құшқан, арман қуған,
Сағынам таңдарды-ау ыстық.
Қайырмасы:
Қайран көңіл, қайран өмір
Бағынбайсың, сүйдіріп, күйдіріп...
Жалт еткен сағымдайсың.
Аққудаймын сыңар қанат,
Мазаландым мұң арқалап.
Сақ-сақ күліп асқақ үміт
Өткен күндер тұрар қарап.
Қайырмасы:
Бір күлдірген, бір жылатқан,
Өмір өзен жылжып аққан.
Мөлдір көзің, сол бір сезім,
Сағынам еркемнің өзін.