Есіңде ме әсем гүлі көктемнің
Сыңғыр қаққан таудың ерке бұлағы
Қызықты еді өзіңменен өткен күн
Көз алдымда сол қалпында тұр әлі
[Қайырмасы]
Жалын кешкен, жанымды ескен
Күндер қайда қарағым
Дір еткізген, шықпас естен
Мөлдіреген жанарың
Ән-жыр айтып, бал-бұл жайнап қырды асып
Жүрдік талай таңды атырып сырласып
Қызғалдақтай жайнаған сол далада
Тұратынсың жанарыңнан нұр шашып
[Қайырмасы.]
Бойымдағы ерікті де алдырдың
Махаббаттың жүректе отын жандырдың
Өзің еркем ойымдасың әрқашан
Сеземісің бұл күйімді жан құрбым?
Әні: Аман Малдыбаев
Сөзі:Лесбек Сайлаубеков -