МузАрт тобы
Текст

Ғашықтар жыры

МузАрт тобы

Оцените песню: Голос вверх 23 Голос вниз 1

96%
4%
Қайырмасы: 
Ғашық оты жанады, жана берсін, 
Жұбайлардың жолдары бола берсін! 
Келген жылдар қосылған екі жасқа 
Бақыты мен байлығын ала келсін!
 
Ғашық оты көзімізде жанады, 
Әлдилейді махаббаттың бал әні. 
Ғашық болған күннен бастап, достарым, 
Азамат боп қалғандаймыз бағалы.
 
Қайырмасы: 
Ғашық оты жанады, жана берсін, 
Жұбайлардың жолдары бола берсін! 
Келген жылдар қосылған екі жасқа 
Бақыты мен байлығын ала келсін! 
 
Екі жүрек ұғынады бір-бірін, 
Аялайды әлдилейді күн нұрын. 
Айтқаның да заң сияқты өзіңе 
Өміріңе бақыт болған құрбының.
 
Қайырмасы: 
Ғашық оты жанады, жана берсін, 
Жұбайлардың жолдары бола берсін! 
Келген жылдар қосылған екі жасқа 
Бақыты мен байлығын ала келсін! 
 
Алыс кетсе, күте білсін сарғайып, 
Табыс тілеп, тілектерді жалғайық. 
Армандары орындалсын жастардын, 
Ғашық болған жүректе бар ма айып.
 
Қайырмасы: 
Ғашық оты жанады, жана берсін, 
Жұбайлардың жолдары бола берсін! 
Келген жылдар қосылған екі жасқа 
Бақыты мен байлығын ала келсін!