Құмарым қойды-ау басылмай,
Қабағым сенсіз ашылмай.
Көркіңнен əзиз айналдым,
Бір тамшы көздің жасындай. 2 рет
Қайырмасы:
Жайымды айтсам жасырмай,
Жағдайым менің осындай.
Жаным-ау менің мөлт еткен,
Бір тамшы көздің жасындай. 2 рет
Пейіл де бермей, бездірмей,
Көлденең жанды көзге ілмей.
Өзгеше күйді мендегі, мәндегі
Көзіңнен , жаным, сездің ғой. 2 рет
Қайырмасы:
-