Жүрдік бірге жас өмірдің жасыл барқыт бағында
Нұрлы жүзің көз алдымда үнің әлі жадымда
Айдынымен қоштасатын аққу ме едің нәзігім
Қапияда қайда кеттің барма менің
Барма менің барма менің әй жазығым
Сол күндерді бал түндерді ұмытады дедің бе
Тербетіліп жүрсің әлі көңілімнің көлінде
Құлағымнан кетпей қойды сыңғырлаған нәз үнің
Қапияда қайда кеттің барма менің
Барма менің барма менің әй жазығым
Толқып тұрған асыл айдай жалғыз едің сен менде
Сәуле төгіп күлімдейсің кеудеңде
Саған деген махаббатым азабыма қажыдым
Келші жаным айтшы жаным
Барма менің барма менің әй жазығым