МузАрт тобы
Текст

Аппақ сенің тамағың

МузАрт тобы

Оцените песню: Голос вверх 31 Голос вниз 1

97%
3%
Айналайын ақ жүзің, айдан аппақ, айхай-оу 
Сендей жарды ер жігіт, қайдан таппақ 
Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын 
Көрген адам қасыңнан, кете алмайды, айхай-оу 
Мұз үстінде жүргендей, тайғанақтап айхай-оу 
Аппақ сенің тамағың 2 Іздесем қайдан табамын 2
Құлағыңа таққаның күміс сырға, айхай-оу 
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға 
Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын 
Сағынғанның белгісі осы екен деп, айхай-оу 
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға 
Аппақ сенің тамағың 2 Іздесем қайдан табамын 2
Айналайын атыңнан алтыным-ау, айхай-оу 
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ау 
Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын 
Сен дария болғанда, мен қоңыр қаз, айхай-оу 
Баурым төсеп бетінде, қалқыдым-ау 
Аппақ сенің тамағың 2 Іздесем қайдан табамын 2 -