МузАрт тобы
Текст

Аққулардың арманы

МузАрт тобы

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз

100%
0%
Жалғыз аққу көрдім айдын бетінен
Бейне соның ұқсап кетті жетімге
Күз келгенде өзге құстар тобтанды
Үйрімен жылы жаққа кетуге
 
Қайырмасы:
Аяулы екен дара аққудың қалғаны
Көл тербірентіп дала күйге салғаны
Дүниеде жалғыз қалмау екен-ғой
Аққулардың, аққулардың арманы
 
Біреу айтса сенбес едім бекер деп
Ол да ертең өз тобына жетер деп
Кім ойлапты сұлулардың өмірден
Жалғыз, жалғыз, жалғыз, жалғыз өтер деп
 
Қайырмасы:
Аяулы екен дара аққудың қалғаны
Көл тербірентіп дала күйге салғаны
Дүниеде жалғыз қалмау екен-ғой
Аққулардың, аққулардың арманы
Дүниеде жалғыз қалмау екен-ғой
Аққулардың, аққулардың арманы