Ақ қайыңым, тұрушы едің керіліп
Торғын шашың тобығыңа төгіліп.
Қайда кеткен сол қуаныш, сол үміт?
Енді бүгін еңсең түскен егіліп.
Ақ қайыңым, көктем едің, гүл едің
Еркешім ең еркелеп кеп жүр едің.
Енді бүгін неге сонша жүдедің?
Менің-дағы мұңға толы жүрегім.
Ақ қайыңым, аңсарым ең, әнім ең
Арайланып атқан алтын таңым ең
Адасып қап бақытымның бәрінен
Аңсап жүрмін алаңдаумен әлі мен. -