Мұқасан Шахзадаев
Текст

Байқамаймыз

Мұқасан Шахзадаев

Оцените песню: Голос вверх 130 Голос вниз 6

96%
4%
Қалай ғана байқамаймыз біз бәрін,
Көк аспанда күннің қызғанын.
Байқамаймыз ұйықтап жүріп уақыттың,
Ақ жүзіңе сызық сызғанын
 
Байқамаймыз еш нәрсені көбінде,
Ылғи тұрады бір мұң көңілде.
Байқамаймыз бала күннің өзінде,
Ғашық жанның барын өмірде.
 
Өз қалпында өте берер әсте күн,
Байқамаймыз оттың өшкенін.
Байқамаймыз кешегі жас баланың,
Жігіт болып қалай өскенін.
 
Байқамаймыз көктемнің де келгенін,
Мол шуағын күннің шашқанын.
Байқамаймыз күліп жүріп өмірде,
Көп достардың сиреп қалғанын
 
Келісерсің бұл сөзіме дос менің,
Бақыттың да бір күн қош дерін,
Байқамаймыз кәріліктің бір күні,
Соңғы рет бір жанып өшкенін
 
Қартаяды күліп тұра тұғын қыз,
Мұжуады мөлгіп биік құс,
Аңқаумыз ау байқамаймыз тегін де,
Өмір өте шығатынын біз