Сенің мөлдір көздерің,
Еркелеп бір күлгенің,
Жаныма қуат берер
Сүйем деген сөздерің.
Сенсіз мына өмірде
Жалғыздыққа төзем бе?
Тұманданар, сұрланар
Мұңға толар көңілдей.
....эй ээй......
Сенсіз қараңғы күнім
Ызғарлы салқын түнім
Сусыз қалар айдыным
Сенсіз Жаным
Сезім суып соқтанар
Жасқа толар жас жанар
Бар қызығы өмірдің
Арман болып құр қалар.
....ай аай...........
Қателестік, адастық,
Неге сонша санастық?
Қызғаныштан тарылып
Түсініспей таластық.
Сенсің менің барым да
Бақытым да, бағым да
Алыстама жанымнан
Маған қымбат сен ғана
.....ай ааай.....
Сенсіз қараңғы күнім
Ызғарлы салқын түнім
Сусыз қалар айдыным
Сенсіз Жаным
Сезім сулып соқтанар
Жасқа толар жас жанар
Бар қызығы өмірдің
Арман болып құр қалар.
...ай аай....
АЛЫСТАМА, ЖАНЫМНАН МЕНІҢ АЛЫСТАМА!
АЛЫСТАМА, жанымнан менің АЛЫСТАМА!
Алыстама, жанымнан менің алыстама,
Алыстама, жанымнан менің алыстама.