Мирас Мырзахан
Текст

Сенің көзің (cover)

Мирас Мырзахан

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Сенің көзің түпсіз терең
Тұңғиықтан жаралған
Сонда жатыр менде жүрген
Орындалмас бар арман
Сенің жүзің көкте күннен
Жерде гүлден нәр алған
Шашың сенің жан баспаған
Жапандағы қара орман
Сенің жүзің көкте күннен
Жерде гүлден нәр алған
Шашың сенің жан баспаған
Жапандағы қара орман
 
Қас-кірпігің қарлығаштың
Қанатындай қап-қара
Үлбіреген жүзің сенің
Ақ жібекпе мақта ма
Әсем басың әп-әдемі
Мүсініңе шақ қана
Шиедейін еріндерің
Қызарып тұр шоқтана
Әсем басың әп-әдемі
Мүсініңе шақ қана
Шиедейін еріндерің
Қызарып тұр шоқтана

Другие песни от Мирас Мырзахан