Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп,
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!
Қосылғандай екі өзен тасығанда
Таңғалмаймын жағаға асылам да,
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!