Мейрамбек Беспаев
Текст

Жаратқан бақыт

Мейрамбек Беспаев

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз

100%
0%
Семсерін қайрап сайлаған, 
 Сертінен ешбір таймаған. 
 Түркінің күллі даласын, 
 Баһадүр бабам жайлаған. 
 Қарсы да келген дұшпаны, 
 Қарсы айырылып жайраған, 
 Тоныкөк,Білге,Күлтегін, 
 Тағлымға терең бойлаған. 
 Тұлпарға мініп Ер Түрік, 
 Көзінде жалын ойнаған. 
 Ел десе байтақ жер десе, 
 Есесін берген қай бабам. 
 Егемен жұртым ендеше, 
 Тек ерлік қана сай маған. 
 
 Мен ақ алмастай өткір ем,
 Ерліктің биік шоқтығы ем.
 Қазығын қаққан хандықтың,
 Жәнібек, Керей - тектіден!
 Қасым хан салған қасқа жол,
 Қасиет көзі деп білем.
 Есім хан салған ескі жол,
 Өсиет сөзі деп білем.
 Тәукенің жеті жарғысын,
 Жеті қазынам деп білем. 
 
 Ақтабан болып шұбырдық, 
 Ордамды жаулап от кілем. 
 Бірліктің мәнін ұғындық, 
 Теңселген шақта тепкіден. 
 Абылайды асқақ тұғыр ғып, 
 Хан сайладық ептіден. 
 Үш жүздің басы біріксе, 
 Билеген жермен көкті кең. 
 Алты Алаштың рухымен, 
 Алты кұрлыққа жетті дем. 
 Бірлігім тұрса бекем боп, 
 Басынар дұшпан жоқ білем. 
 
 Керуен де керуен жылдардың, 
 Көшіне қолым бұлғармын, 
 Отырар, Түркістан болып, 
 Ұлы далада бүр жардым. 
 Фараби менен Иссауи , 
 Ілімін жиып нұрландым, 
 Ұлтымның мәңгі бағына, 
 Ұлы Абай болып туғанмын. 
 Ғасырдың ғажап таңынан, 
 Ыбырай үнін тыңдармын, 
 Игі жақсылар жолының, 
 Игілігінен үлгі алдым. 
 Бабамның дархан даламның, 
 Бақытын мәңгі жырлармын ! 
 
 Ғасырдың бастап ұлы әнін, 
 Ұлты үшін туды ұланым ! 
 Әлихан, Ахмет, Міржақып, 
 Алаштың бастап ұранын, 
 Жалқыға көнбей жағынбай,
 Жалпыға теңдік сұрадым. 
 Өлмейтін рухым, жыр әнім !
 Сөнбейтін сәуле, шырағым, 
 Ерлікті аңсап өрлікті, 
 Кеңдікті сүйген қыраным ! 
 
 Қазынамды ұрлап жау жеді, 
 Халықта дәрмен бар ме еді ? 
 Бодандық басты бұғаулап, 
 Күндер де өтті-ау әурелі, 
 Көрсек те қайғы-қасірет, 
 Өлмейтін рухым мәңгі еді. 
 Тәуелсіздіктің жолында, 
 Бабамның кетті бар кегі, 
 Қасқайып тұрды қамал боп, 
 Қалғанша соңғы әл демі. 
 Желтоқсандағы ерлігім, 
 Елімнің жаңа дәурені, 
 Жастығым жақты қайтадан, 
 Солардан қалған сәулені. 
 
 Толысқан шақта тасынбай, 
 Адасқан шақта ашынбай, 
 Алладан басқа ешкімге, 
 Ұлт едік өскен бас ұрмай. 
 Намысым менің наркескен,
 Жарқ ете қалса жасындай!
 Тәуелсіз таңым бағалы,
 Бабамнан қалған асудай!
 Егемен ел боп жеттік-ау,
 Аңсатқан алтын ғасырға-ай
 Жалпақ әлемге жар салам,
 Жан қуанышымды жасырмай!
 Танитын талғам болса егер,
 Тарихым менің осындай!