Мейрамбек Беспаев
Текст

Терме

Мейрамбек Беспаев

Оцените песню: Голос вверх 84 Голос вниз 2

98%
2%
Бұл дүние мысалы,
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық,
Ұйықтап өткен түспен тең.
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.
Үлкеннен көрген зорлығың,
Жаманнан көрген қорлығың,
Ойлап тұрсаң, бозбала,
Дұшпаннан көрген күшпен тең.
Ағайының көп болса,
Бірлігі оның бек болса,
Жамандық жер кез келсе,
Бір-біріне сеп болса,
Бүтін тұрған бұзылмай,
Отыз екі тіспен тең.
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең.
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең.
Ақылы жоқ надандар,
Жүз болса да бірмен тең.
Мектептен сабақ алсаңыз,
Алуа, шекер, балмен тең.
Саясы жоқ бәйтерек,
Сазға біткен талмен тең.
Жаман туса балаңыз,
Бұғып өскен тазбен тең.
Қайғы ойлаған жігіттің,
Кең дүниесі тармен тең,
Уайымшыл адамның
Алды тұйық жармен тең.
Жетесі жаман боз бала
Тоқсандағы шалмен тең,
Жақсының айтқан ақылы.
Қазулы сара жолмен тең,
Жаманға айтқан ақылың
Ағып кеткен селмен тең.
Қас жаманның орны бар,
Кесекте болса көрмен тең.
Жомарттық қылған жігіттің
Ықыласын байқасаң,
Толқып соққан көлмен тең.
Жақындап келген кәрілік
Жайып қойған көрмен тең.
Жақсы қатын алсаңыз,
Жақсылығын білдірер,
Ерін жөнге келтірер,
Анық осы, бозбала,
Жұмақтан шыққан қормен тең.