Жайнатқан көңілді бір ғажап сезімді
Бақытты болуды үйрендім өзіңмен
Өтер ма ем сезбестей сезімнің барлығын
Өзіңмен кездеспей қалғанда тағдырым
қайырмасы:
Мен саған ғашықпын
Сен оны білгейсің
Сағынып асықтым
Қарсы алып күлгейсің
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің
Тек қана айналма әніне өзгенің
Мен үшін айданда әдемі көздерің
Бола алмай серік бір арманым жоғалған
Сен болып келіп тұр қол жетпес сол арман
қайырмасы:
Мен саған ғашықпын
Сен оны білгейсің
Сағынып асықтым
Қарсы алып күлгейсің
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің -