Мейрамбек Беспаев
Текст

Махаббатым

Мейрамбек Беспаев

Оцените песню: Голос вверх 84 Голос вниз 2

98%
2%
Толқығандай теңіз кеудем,
Екі жүрек егіз деумен,
Жүрмін жаным сені іздеумен.
Айдындағы аққудайсың,
Қанат қағып кеп тұрғайсың,
Неге жаным таптырмайсың сен?!
 
Алтыным-ай көзің мөлдір,
Хабар күттім өзіңнен бір,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
Ғашық едім саған сәулем,
Өтсін өмір сені аңсаумен,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
Алма бақты аралаумен,
Жалғыз кетіп барам-ау мен,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
 
Қосып арман-тілегімді,
Ұстап нәзік жүрегімді,
Сені сүйдім бұл өмірде мен.
Қарай-қарай талды көзім,
Қайда сол бір бал мінезің,
Сағынышым жалғыз өзің сен!!!
 
Алтыным-ай көзің мөлдір,
Хабар күттім өзіңнен бір,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
Ғашық едім саған сәулем,
Өтсін өмір сені аңсаумен,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
Алма бақты аралаумен,
Жалғыз кетіп барам-ау мен,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
 
-