Құмған алған,
Суға барған,
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,
Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен Жидек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен,Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен Сүйіп өткен, Қ
ыр самалын сағындым.
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым.
Өзім дейтін,
Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым.