Аққудайын аңсаған ақ айдынын,
Сенсіз қалсам жанымды қамайды мұң.
Сағынғаным шығар-ау, өзің жаққа,
Қайта-қайта қиылып қарайтыным.
Қайырмасы:
Қайта-қайта қиылып қарайтыным,
Ол - өзіңді бағыма балайтыным.
Ақ таңдарда отырам ойлап сені,
Ұйқымды ұрлап көзіммен талай түнім,
Сені ойлап талай түнім.
Таңмен тұрып, нұр сәуле тарайтыным,
Ол да менің өзіңді қалайтыным.
Ақ сәулелер дір еткен саусақтарым,
Ол - өзіңсің, өзіңсің, арай күнім