Мейрамбек Беспаев
Текст

Қайдасың

Мейрамбек Беспаев

Оцените песню: Голос вверх 23 Голос вниз 1

96%
4%
Толқығандай теңіз кеудем,
Екі жүрек егіз деумен,
Жүрмін, жаным, сені іздеумен.
Айдындағы аққудайсың,
Қанат қағып кеп тұрғайсың,
Неге, жаным, таптырмайсың сен?
 
Қайырмасы:
Алтыным-ай, көзің мөлдір,
Хабар күттім өзіңнен бір,
Махаббатым, қайдасың, қайда?
Ғашық едім саған, сәулем,
Өтсін өмір сені аңсаумен,
Махаббатым, қайдасың, қайда?
Алма бақты аралаумен,
Жалғыз кетіп барам-ау мен.
Махаббатым, қайдасың, қайда?
 
Қосып арман-тілегімді,
Ұстап нәзік жүрегімді,
Сен деп сүйдім бұл өмірді мен.
Қарай-қарай талды көзім,
Қайда сол бір бал мінезің?
Сағынышым жалғыз өзің сен