Мейрамбек Беспаев
Текст

Қарағым-ай

Мейрамбек Беспаев

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа
Ғашық еттің еріксіз жылуңа
Қос жанарың байланып қалдым екен
Толқыған бұрымыңа
Амалсыздан шөлдедім шырыныңа
Жүрегіме қарашы сұнығына
Дамыл таппай алқынған асау жүрек
Іліндік құрығыңа.
 
Қарағым-ай ерке маралым-ай
Еліктеді жанымды жанарың-ай
Қарағым-ай қимай қарадым-ай
Жалыныңа өртеніп барамын-ай
 
Сүйкімдісің ұқсайсың балапанға
Сені ойлаумен жетемін алатаңға
Дәл өзіңдей сұлуды періштедей
Жаратқан жаратар ма
Еркелігің ұнаған бар адамға
Көгершінім қонсаңшы алақанға
Жұлдыздардан берейін алқа тағып
Шығарып алатауға