Жайнатқан көңілді бір ғажап сезіммен,
Бақытты болуды үйрендім өзіңнен,
Өтер мем сезбестей сезімнің барлығын,
Өзіңмен кездеспей қалғанда тағдырым.
Қайырмасы:
Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің,
Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің.
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің,
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.
Тек қана айналма әніне өзгенің,
Мен үшін айдан да әдемі көздерің.
Болалмай серік бір арманым жоғалған,
Сен болып келіп тұр қол жетпес сол арман.
Қайырмасы:
Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің,
Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің.
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің,
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.