Мейрамбек Беспаев
Текст

Ақ моншақты аруым

Мейрамбек Беспаев

Оцените песню: Голос вверх 22 Голос вниз 2

92%
8%
Еркелігің еліктің лағындай
Көркемдігің көлдің көк құрағындай ақ моншақ
Мойныңдағы мөлдіреп моншақтарың-оу,
Бір көргеннен қандырды құмарымды, ақ моншақ…
 
Мойныңдағы моншағың
Әдемі екен сонша бір!
Көп жігіттер көз салса,
Сол қулардан қорқамын…
 
Моншақ таққан тамағың,
Аппақ екен, қарағым.
Алтын таңдай арайлы,
Жалт еткендей жанарың!
 
Шағаладай шайқаған қара суды,
Талай жігіт сыртыңнан таласулы…
Мазалайды мені де жай таптырмай,
Моншақтарың мойныңда жарасымды, ақ моншақ…
 
Моншақтарың маржан ба, лағыл ма екен,
Күтіп тұрған әлде бір бағым ба екен, ақ моншақ?!
Жұлдыздардай жымыңдап аспандағы-ау,
Қол жетпейтін алдымда сағым ба екен, ақ моншақ?!
 
Мойныңдағы моншағың
Әдемі екен сонша бір!
Көп жігіттер көз салса,
Сол қулардан қорқамын…
 
Моншақ таққан тамағың
Ашық екен қабағың!
Аман есен жүре бер,
Өзім іздеп табамын…
 
Лүпіл қағып жүрегім,
Тек жақсылық тілегім.
Сол моншақтың орнына
Оралсайшы білегім...