Сен сұлусың табылмаған теңі шын
Өмірдегі өзіңдеймін жеңісім
Әр-бір өрген жырым
Әр-бір көрген күнім
Бәрі бәрі бәрі сен үшін
 
Қырлардан қызғалдақтар жинай білдім сен үшін
Арнама қуаныштан симай жүрмін сен үшін
Әуреге талай салған мына бескүн жалғанды да
Әлі қимай жүрмін сен үшін
 
Бір септігі тиер болса сен үшін
Мың азапқа берер едім келісім
Қашықтап кетемін
Асықпай жетемін
Сені сағындымғой деу үшін
 
Қырлардан қызғалдақтар жинай білдім сен үшін
Арнама қуаныштан симай жүрмін сен үшін
Әуреге талай салған мына бескүн жалғанды да
Әлі қимай жүрмін сен үшін