Мереке Қалбаева
Текст

Сүйіп қалдым жас баланы

Мереке Қалбаева

Оцените песню: Голос вверх 91 Голос вниз 8

92%
8%
Арман қуып күндер өткен,
Уақыт шіркін жүйрік неткен.
Күз көңілім сарғайғанда,
Бұйырды ма маған көктем.
 
Біз Бақытты жан болайық,
Жақсы көрсек болмас айып оф.
Теңіздей сезімім тасып,
Ес-түссіз болдым ғашық.
 
Қайырмасы:
Оф-оф сүйіп қалдым жас баланы,
Оф-оф көрмей көзім басқа адамды.
Оф-оф қарамайды сүю жасқа,
Керек емес сенен басқа
Елге не деймін өлә қасқа оф.
 
Сенің теңің бөпе дейді,
Бола берсін мейлі-мейлі.
Анасындай жақсы көріп,
Жалғыз маған еркелейді.
 
Артық сөздер керек емес,
Сезімге жас дерек емес оф.
Теңіздей сезімім тасып,
Ес-түссіз болдым ғашық.
 
Қайырмасы:
Оф-оф сүйіп қалдым жас баланы,
Оф-оф көрмей көзім басқа адамды.
Оф-оф қарамайды сүю жасқа,
Керек емес сенен басқа
Елге не деймін өлә қасқа оф.